Атырау, 13 қараша 11:34
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Барлық дәйексөздер

2 қараша 2022

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек ҚУАНТЫРОВ:

- Демек, олар өздерінің жинаған қаражатын жұмсаған. Егер адамның өзі ойынқұмар болса, сәйкесінше өзі тапқан табысының шетінен қаржы жұмсай алады.

(Казинода 500 миллион теңгеден астам қаржыдан ұтылған шенеуніктерге қатысты жағдай бойынша үкімет мәжілісі арасында журналистердің қойған сұрағына жауап бергенде айтылды)

26 қазан 2022

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан ЖАМАУБАЕВ:

– Қарыз – проблема емес. Керісінше, қажет кезде ол экономиканы құтқарады. Біз ҚР Ұлттық қорының ақшасын үнемі жұмсай бермейміз ғой. Ол да біз болашақ ұрпаққа қалдыруымыз керек белгілі бір қор.

(Халықаралық қайта құру және даму банкінен 345,7 миллион еуро сомасында несие беруді көздейтін заң жобасының мақұлдануы жөнінде айтылған).

19 қазан 2022

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

- Қыркүйек айында елімізде инфляция 17 пайыздан асты және әлі де өсіп келеді. Бұл азаматтардың нақты табысын төмендетіп жатыр. Бағаның өсуіне 20 пайызға жеткен азық-түлік инфляциясы басты әсер етіп отыр.

(Алматы облысына барған жұмыс сапары кезінде айтылды) 

12 қазан 2022


ҚР Қорғаныс министрі Руслан ЖАҚСЫЛЫҚОВ:

- Әскери ынтымақтастық бойынша бізде барлық мәселе пысықталған. Егер бұл мемлекетімізге тиімді деп есептесек, осы жолмен өз мүддемізге сай жүреміз. Ресеймен ешқандай проблемамыз жоқ. Барлығы келісімшарт міндеттемелері аясында болады.

(Ақорда кулуарында айтылған)



5 қазан 2022

Саясаттанушы Талғат ҚАЛИЕВ:

– Шетелдіктерге уақытша ЖСН беру қызметі кем дегенде 10 000 теңгеге бағаланса, осы күндері бюджетке 1 млрд теңге түскен болар еді. Қазіргі уақытта үлкен жүктемемен жұмыс жасап жатқан ХҚКО қызметкерлеріне сыйақы ретінде жұмсауға болатын сома. Осы әділ емес пе?

(Фейсбуктегі жеке парақшасында айтылған)

28 қыркүйек 2022

Ұлттық экономика министрі Әлібек ҚУАНТЫРОВ: 

-  Үкіметтің міндеті - ең алдымен Қазақстан азаматтарының ұлттық мүддесін қорғау. Жұмыспен қамтуда Қазақстан азаматтарына басымдық беріледі. Ал келген шетел азаматтары қазақстандықтар арасында сұранысқа ие емес орындарға: маусымдық жұмысшылар, құрылысшылар және т.б. тұрады.

(Қазақстанға келген ресейліктердің жұмысқа орналасуына қатысты айтылды)

21 қыркүйек 2022

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

– Азық-түлік пен тыңайтқыштарды барлық санкциялар мен шектеулерден босату аса маңызды.

(БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының жалпы дебатында айтылды)


14 қыркүйек 2022

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат МУСИН:

- Менің жауабым қарапайым. Осындай қоңырау түссе, қазақ тілінде жауап беремін. Олар тұтқаны қоя салады.

(Интернет алаяқтарының қоңырауларына қатысты айтылды)

7 қыркүйек 2022

Эльвира Әзімова, ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл:

– (Қаңтар оқиғасына қатысушыларға) рақымшылық жасау туралы шешімді Президенттің өз конституциялық құқығын жүзеге асыруымен қатар, адамгершілігі және отандастарына деген сенімі деп білемін. Біз өз халқымызға сенуіміз керек.

(Фейсбуктегі жеке парақшасында айтылды)

31 тамыз 2022

Қазақстандық кәсіпкер, блогер Бейбіт ӘЛІБЕКОВ:

- Біз саясатқа араласа аламыз, араласқымыз келеді және араласуымыз керек. Билікке жалаңаш популистер келмеу үшін немесе ескі Қазақстанның қайта оралып, қарымта қайтаруына жол бермеу үшін.

(Жаңа партияның құрылуына қатысты айтылды)

24 тамыз 2022

Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектептің негізін қалаушы Әсел ТАСМАҒАМБЕТОВА:

- Конвейерлік жүйенің нәтижесі – қазақстандық ЖОО түлектерінің 60%-ға жуығы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Өйткені оқуға түсу кезінде қазақстандық талапкерлердің өз мамандығы жөнінде түсінігі жоқ, нарық тенденцияларын білмейді, сондықтан олар сұранысқа ие мамандықты таңдай алмайды.

(«Шебер ұстаз жолымен» атты білім форумында айтылды)

17 тамыз 2022

Сауда және интеграция министрі Серік ЖҰМАНҒАРИН:

Басқа елдер қант өндіреді. Сондықтан ауылшаруашылығы министрлігі қант саласын дамыту жоспарын дайындап жатыр, бұл дұрыс. Шынымды айтсам, мен онымен әлі толық танысқан жоқпын, жақын арада ол Үкімет отырысында бекітіледі.

(Қант саласын дамыту жоспарына қатысты айтылды)  

10 тамыз 2022

Экономист Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ:

- Мен Қорғаныс министрлігінің шынымен жоғары сапалы техникаға неліктен медиашабуыл жасап отырғанын мүлде түсінбедім. Бұл таза өз өндірушіміздің беделін түсіру, тіпті негізсіз дерсің.

(Фейсбуктегі жеке парақшасында «Арлан» жауынгерлік көлігі түсірілген байнежазбаға қатысты айтылған)

3 тамыз 2022

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан АХМЕДИЕВ:

- Әскерге 18 жастағы жастар келеді, соның өзінде бастарында 9 млн теңгеге тұтынушылық, т.б. мақсатқа алынған несие бар. Одан бөлек, түрткі болатын әлеуметтік проблема көп. Әр жағдай әр түрлі. Дәл осы жағдай өз-өзіне қол жұмсауға түрткі болды деп дөп басып айтуға болмайды. Динамика өсіп жатыр, бірақ анықтама бойынша керісінше – суицид жағдайы шектен тыс көп емес.

(ОКҚ өткен брифингте әскердегі өз-өзіне қол жұмсау дерегіне байланысты қойылған сұраққа берген жауабы)

27 шілде 2022

Оқу-ағарту министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ:

- Балабақшалардың 80 пайызы аттестациядан өте алмады. Бұл шынымен де көңіл жабырқататын көрсеткіш. Нақты фактілер бойынша заң бұзушылықтарды көрдік.

(Балабақшаларды лицензиялау туралы айтылды)

20 шілде 2022

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

- Тұрақтандыру қорларының жұмысы тиімсіз болып тұр. Олардың нарыққа әсері төмен. Кейде олар жосықсыз адамдарға жем болады. Мұны тексеру керек. Бюджет қаржысын жымқыру фактілері үнемі анықталып келеді. Әкімдер мемлекет қаражатының жұмсалуын бақылай алмай отыр.

(Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды)

13 шілде 2022

Журналист Михаил КОЗАЧКОВ:

– Мен де бұған қуанып отырмын (Елена Рыбакинаның жеңісіне), бірақ легионерлерді ұлттық құрамаға шақыру – жетістікке жеткізбейді. Спорттың дамуына бұл еш әсер етпейді, өйткені спорт қызметкерлері өз спортшыларымызды тәрбиелеудің қажеті жоқ, Мәскеуден теннисшіні, Махачкаладан балуанды, Бразилиядан футзал ойыншысын әкеле салуға болатынына тағы да көз жеткізеді. Өз басым, қаржының өз балаларымызға бөлінгенін қолдаймын...

(Telegram-да айтылды)

6 шілде 2022

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ:

- Әзірге ол үшін ешқандай себебін көріп тұрған жоқпын. Сіздерге тағы да қайталап айтамын, әзірге ешқандай негіз жоқ. 

(Астананың бұрынғы атауын қандай жағдайда кері қайтаруға болатыны жөнінде қойылған журналистердің сұрағына берген жауабынан)

29 маусым 2022

ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет ШЫНДАЛИЕВ:

- Қаңтар оқиғасы кезінде 232 адам, азаптаудан кейін 6 адам қаза тапты.

(Мәжіліс сыртында қаңтар оқиғасы құрбандарына қатысты журналистердің сауалдарына жауап бергенде айтылды)

22 маусым 2022

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

- Ресейде кейбіреулер осы жағдайдың бәрін бұрмалап, «Ресей Қазақстанды «құтқарды», енді Қазақстан мәңгілікке Ресейге «тағзым етіп, қызмет етуі» керек» дейді. Бұл мүлдем шындыққа жанаспайтын негізсіз пайымдау.

(«Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында айтылды)

15 маусым 2022

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол ЕСЕНЕЕВ:

- Қант өнеркәсібін дамыту туралы айтатын болсақ, біздің алғашқы бағдарламаларымыз тәуелсіз Қазақстанда 1993 жылы жасалған. Онда 10 жылға өзімізді қантпен 80 пайызға қамтамасыз етеміз делінген. Бірақ, өкінішке орай, бірде-бір бағдарлама орындалмаған және бұл бағдарламалардың орындалмағаны үшін ешкім жауапкершілікке тартылған жоқ.

(Қанттың бағасы қымбаттауына қатысты айтылды)

8 маусым 2022

Қорғаныс министрі Руслан ЖАҚСЫЛЫҚОВ:

– Ең алдымен, жастардың өз-өзіне не себептен қол жұмсайтынын түсінуіміз керек. Бұған тек армия кінәлі емес қой... Ұлынан айырылған барша ата-анаға көңіл айтқым келеді. Алайда бізге дүниетанымы қалыптасқан, пісіп-жетілген жас сарбаздар келеді. 

әжіліс сыртында айтылды)

1 маусым 2022

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Егер туыстарымның бірі заңды бұзу үшін менің атымды жамылса, онда олар тиісті жазаға тартылуы керек. Оның кінәсі сотта дәлелденуге тиіс. Әр азамат заңды түрде қорғануға құқылы екенін ұмытпаған жөн.

(Саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген сұхбатында айтылды)

25 мамыр 2022

Ұлттық экономика министрі Әлібек ҚУАНТЫРОВ:

– Біздің бүкіл мемлекеттік қарызымыз, оның ішінде сыртқы қарыз жалпы ішкі өнімнің 25 пайызынан аспайды. Оның 35-40 пайызы сыртқы қарыз. Бұл 25% барлық келісімге сәйкес келеді. Еуропада шекті деңгей – 60%, ЕАЭО шеңберінде – 50%. Яғни, біз сыртқы қарыз бойынша өзімізді толықтай ыңғайлы сезінеміз және мұны үнемі қадағалап отырамыз.

(Мәжілістен тыс журналистердің сауалына берген жауабында айтылды)

18 мамыр 2022

Саяси қайраткер Болат ӘБІЛОВ:

– Егер экономика саласында Еуразиялық одақ бізге тиімсіз болса, одан шығу керек. Одан ірі бизнес пен олигархтар зардап шекпейді. Халық қиналады, ШОБ қиналады. Егер әскери блок еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай, елімізге қауіп төнсе, ҰҚШҰ-дан шығып, әскери ынтымақтастықты қайта қарап, түркі елдерімен жақындасуды ұсынамыз.

(Баспасөз мәслихатында айтылды)

11 мамыр 2022

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

– Президент ретінде ешқандай артықшылық пен жеңілдікке құмар емеспін. Мұндайды қаламаймын.

(Түркияға барған сапары кезінде айтылды)

4 мамыр 2022

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали БРЕКЕШЕВ:

- Пайдалы қазбаларды қарқынды өндіруге байланысты геология саласындағы ең басты мәселе – қордың орнын толтыру деңгейі төмен болып тұр.  Орнын толтырмай, осы қарқынмен өндіре берсе, игеріліп жатқан кен орындарының көпшілігінде қор жақын арада сарқылады.

(Үкімет отырысында айтылды)

27 сәуір 2022

Энергетика министрі Болат АҚШОЛАҚОВ: 

– Газ бағасы экспорт есебінен реттеліп отырды. Бірақ ішкі тұтыну көлемі артқанымен, газ сондай қарқынмен өндіріліп жатқан жоқ. Сондықтан экспорт көлемін азайтуға мәжбүрміз... Әрине, енді ішкі нарықтағы газ бағасын көтеру мәселесін ойластыру керек. 

(Газ бағасына қатысты айтылды)

20 сәуір 2022

ҚР Қаржы министрі Ерұлан ЖАМАУБАЕВ:

– Бұрын банк несиелері жалпы ішкі өнімнің 50 пайызынан астамын құраса, қазір 40 пайыздан аз, 30 пайыздай болса керек. Базалық мөлшерлеме жоғары болғандықтан, біз үкімет ретінде экономиканың нақты секторын қолдауға мәжбүрміз: олар бұл ақшаны араластырып, экономиканы несиелеу үшін субсидиялауға, қорларымыздың жарғысын толықтыруға, Қазақстанның Даму банкіне қаражат бөлеміз.  

(«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгеріс енгізуді талқылау барысында айтылды)

13 сәуір 2022

«Bank Centercredit» басшысы Ғалым ҚҰСАЙЫНОВ:

– Бұл бағдарламалардан құрылыс компаниялары, құрылыс материалдарын импорттаушылар, сондай-ақ жақсы зейнетақы жинағы бар ауқатты және орта тап өкілдері пайда көрді. Нәтижесінде баспанасы барлар тағы үй сатып алды, ал баспанаға мұқтаждар әлі де ұзақ уақыт күтеді.

(Зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану бағдарламасы туралы айтылған)

6 сәуір 2022

«Луговой жылқы зауыты» ЖШС директоры Әсемгүл АҚСАМБИЕВА:

– Біз 1,5 миллиард теңге көлеміндегі шығынды өндіріп алдық. Биыл наурыз айында бұл соманы бізге облыстық энергетика және ТКШ басқармасы төледі... Егер бүгінде 2018 жылы қырылған 101 тонна балығымыз бар болғанда, біз ірі уылдырық жеткізушілердің бірі болар едік.

(2018 жылғы желтоқсанда балықтың жаппай қырылуына байланысты келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу бойынша облыс әкімдігімен соттасқаны жөнінде айтылды)

30 наурыз 2022

Petrocouncil мұнайгаз саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту кеңесінің төрағасы Асылбек ЖӘКИЕВ: 

- «Қазмұнайгаздың» еншілес кәсіпорындарында, сол «ЕМГ»-да тендер рәсімдері ашық болуы керек, мұндай жайттардың алдын алатын қатаң қоғамдық бақылау болған жөн. Қазір «дербес құқылы» компаниялар жоқ. Біреулердің қамқорлығында болған ірі компаниялар да тендерге жалпы негізде қатысады.

(Мұнайсервис саласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тендерлерін өткізуге қатысты айтылды)

23 наурыз 2022

ҚР Астық одағының ресми өкілі Евгений КАРАБАНОВ:

- Шаруаларды өз өнімін өткізу мүмкіндігінен айыруға біз мүдделі емеспіз. Бар астыққа қарап отыру - өліммен тең. Мұнымен келіспеу үшін ерік-жігер мен дәлел жеткілікті болады деп үміттенемін.

(Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО аумағынан тыс жерлерге астық, күнбағыс және май экспортын жабу мүмкіндігін қарастыру ұсынысы туралы айтылды).

16 наурыз 2022

Саясаттанушы Досым СӘТПАЕВ:

– Президент жолдауы 2024 жылы өтетін президент сайлауына әзірлік секілді көрінді. Өйткені бұл қаңтар оқиғасынан кейін саяси тұрақтылықты сақтау тұрғысынан билікті қатты алаңдатып отыр.

(Президент Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауына қатысты айтылды)

9 наурыз 2022

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат ОРАЗБЕК:

- Бізге төнуі мүмкін деген қауіпті жан-жақты қарастырдық. Бірақ Қазақстанда интернетке қатысты күрделі проблемалар болмайтынына көзіміз жетті. Қазақстан интернетті тек Ресей арқылы алмайды. Яғни еліміздің интернеттен толықтай ажырап қалу қаупі жоқ. 

(Ресейдің жаһандық желіден ықтимал ажыратылуы туралы журналистердің сұрағына берген жауабы)

1...345...18