Атырау, 13 қараша 11:31
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Барлық дәйексөздер

12 маусым 2013

Саясаттанушы Досым СӘТПАЕВ:

Осы «әйгілі болған» заң жобасын мақұлдаған парламентті тарату туралы мәселе көтеру керек. Өйткені президент айтқан сын халық даусына құлақ түрудің орнына үкіметтің аузына көп қараған депутаттарға да жанамалай айтылды ғой.

(Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовты лауазымынан босату турасында айтылған)

5 маусым 2013

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға НАЗАРБАЕВА мемлекеттік еңбекпен қамту бағдарламасын жүзеге асыруды тоқтатуды ұсынды:

- Қажетті нормативтік-құқықтық стандарттар соңына дейін дұрыс жасалмаған. Білім беру мекемелері елге қажетті жақсы мамандарды шығаруға дайын емес. Нәтижелерге объективті талдау жасау және оларды бағалау ақпараттық жүйенің нашар жұмыс жасауынан мүмкін болмай отыр, шынайы статистика жоқ. Салынған қаражаттар мен күштердің тиімділігі төмен. Үкіметте оны орындау жұмыстарында өзара келісім жоқ.

(Үкімет сағаты барысында айтылды)

28 мамыр 2013

«Глобус» ҮЕҰ-ның төрағасы Галина ЧЕРНОВА:

Халық сіздерге жүгінуге асықпайды, өйткені сіздер ештеңе шеше алмайсыздар... Сессиялар жоспарланған кесте бойынша өтсе де, барлық құжаттар отырыс алдында ғана дайындалады және өздерінің бұл құжаттарды түсінуге, зерделеуге, тіпті жай ғана ақпараттармен танысып-білуге еш мүмкіндіктері жоқ екендігі жөнінде депутаттардың өздері маған талай шағымданған.

(22 мамырда жергілікті мәслихаттар депутаттары мен бірқатар ҮЕҰ өкілдері қатысуымен өткен семинарда айтылды)

21 мамыр 2013

«Атамекен» ҰЭП Атырау филиалының директоры Асылбек ЖАКИЕВ: 

- Шаштараз немесе асхана орналасатын шағын пәтерде жылу қуатына төленетін ақы табыстың 50 пайызына дейін жеп қояды. Сондықтан да көпшілігі жабылуға мәжбүр. Жеке кәсіпкерлікті дамыту – мемлекеттің басымдықтарының бірі емес пе? Жеке кәсіпорындар жұмыссыздықты азайтып, салық төлейді ғой. Монополияшылар ЖК-лерге заңды тұлға ретінде қарайды. Алайда ҚР-ның «Қуатты үнемдеу және қуат тиімділігін арттыру туралы» заңында мұндай нормалар жоқ.

Сонымен қатар, азаматтық заңнамаларға сәйкес, жеке кәсіпкерлер заңды тұлға болып саналмайды.

(2013 жылғы 14 мамырда Атырау қалалық прокуратурасында кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар және монополияшылардың кездесуінде айтылды)  

15 мамыр 2013

«Нұр Отан» ХДП-ның Атырау қалалық филиалы төрағасының орынбасары Серік БАЙМҰҚАШЕВ:

- Менің өзіме бірнеше рет телефон соғып, қорқытпақшы болды. Біз барлық материалдарды қаржы полициясы мен прокуратураға жібердік. Онда 3-4 ірі қылмыстық іс фактілері жиналған деп ойлаймын. Мен көктемгі балық аулау маусымы аяқталуына байланысты 8 мамырдан бастап партиялық бақылау бекетін жабу туралы бұйрыққа қол қойдым. Егер партия браконьерлермен күресті жандандырамыз десе, біз келісеміз. Біз енді нағыз «балықтың» қайда екенін білеміз.

(Жайық-Каспий бассейніндегі партиялық бақылау бекетін жабу туралы айтылған)

8 мамыр 2013

Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Ербол ҚУАНОВ:

«Қазіргі уақытта біз қоқыс тастайтын жердегі өрт кезінде біздің мамандар анықтаған жан түршігерлік фактілері бар материалдарды, міне, үшінші рет сотқа ұсынып отырмыз. Мысалы, сынап құрамы рұқсат етілген нормадан 10 есе артқан, ал бұл – онкология. Біз осы ауаны күнде жұтып жүрміз. Егер судья тағы да айыппұлмен шектелсе, қоқыс төгетін жердің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдағанша төртінші, оныншы рет ұсына береміз».

(«Ақ Жайық» газетіне берген сұхбатында айтылды)

1 мамыр 2013

Атырау облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері одағының төрайымы Әлия БЕКҚОЖИЕВА:

Осы ауадан табылған табыстар қайда кетіп жатыр? Инвестициялық бағдарламада үстеме пайда есептеле ме, жоқ па?

(АЖЭО-ның жоғары тарифтерін талқылау жөніндегі жеке кәсіпкерлерге арналған дөңгелек үстелде айтылды)

24 сәуір 2013

Облыстық экология департаментінің бастығы Ербол ҚУАНОВ:

Соңғы алты жылда Теңізде нормативтен тыс 720 лақтырынды болған... Облыстық денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша Жылыой ауданында 2012 жылы 2007 жылмен салыстырғанда тыныс алу мүшелерінің ауруы 21%-ға өскен... 2010 жылы Атырауда АМӨЗ-дің және басқа да өндірістік нысандардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін кешенді зерттеу басталды... Күкіртсутегінің шоғырлануы шекті рұқсат етілген нормадан 140 (!) есеге артты, бұл көбіне түн мезгілінде болды.

(2013 жылғы 18 сәуірде Атырау қаласында өткен ҚОҚМ-ның Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің көшпелі отырысында айтылған)  

17 сәуір 2013

ҚР Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Лама ШАРИФ:

- Біздің қазақтың көшпелі мәдениеті басқа мәдениет түрлерінен өз синкретизмі мен тұтастығымен ерекшеленеді. Біздің ата-бабаларымыз Ислам дінін, ата дінімізді байсалды қабылдаған. Тек бір нәрсені басшылыққа алып, осы дұрыс, қалғаны бұрыс демеген. Олар дінді арнайы бір салаға не өмір сегментіне айналдырмаған. Ислам ешқашан басқа діни-нанымдарға немесе халықтың салт-санасына қарсы қойылмаған. Діни наным-сенімге қажетті құлшылықтарды атқару мен діни білімдері бар ресми діни тұлғалардан қажетті білімді алудан артық уақыт бөлмеген.

(2013 жылғы 12 сәуірде Атырау қаласында өткен «Дін және жастар» конференциясында айтылған)

9 сәуір 2013

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

«Өткен 20 жылда Қазақстан, салықтарды қоса есептегенде, 77 миллиард доллар көлемінде пайда көрді («Теңізшевройл» БК қызметінен). Атырау облысының әлеуметтік дамуына 800 миллион доллар салынды. Бүгінгі күні Атырау еліміздің әдемі қалаларының бірі болып саналады, біз оны Қазақстанның мұнайлы астанасы деп атаймыз».

(ТШО-ның 20 жылдық мерейтойына арналған шара кезінде айтылды)

4 сәуір 2013

«АЖЭО» АҚ-ның президенті Мұхамбетқали ҚАЛИЕВ:

- Облыста қуатты қозғалтқыш жұмыс жасайтын болады. Сіз қандай автокөлік жүргізгіңіз келеді - «Запорожец» пе, әлде «Мерседес» пе?

(ЖЭО қуаттылығын арттыру мәселесі жөнінде өткен баспасөз конференциясында айтылған)

27 наурыз 2013

Облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:

«Өз айтқан сөздеріңізге мұқият болуларыңызды сұраймын. Егер мен біреулерге қолдау көрсетіп отырсам, қазір көптеген мәселелер басқаша шешілер еді. Ел президенті мені бекерден бекер министрлікке дейін көтермеген болар. Мен мұнай, газ саласында министрге дейінгі барлық сатылардан өткен жалғыз адаммын. Шамыма тие бермеңіздер...»

(2013 жылдың 20 наурыз күні жұртшылық тыңдауы кезінде Солтүстік-Каспий жобасы операторы-компаниясының мүдделеріне қолдау көрсетіліп отыр деген кінәлауға жауап ретінде айтылды)

20 наурыз 2013

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат ОСПАНОВ:

«Бүгінде біз кейбір монополистердің тұтынушыларға негізсіз талаптар қоятынын, тіпті, кейде «кассадан тыс» қосымша төлемақы алатындарын білеміз... Әр облыста ТМРА-ның аумақтық департаменттері бар. Осындай фактілер орын алса, міндетті түрде біздің департаментке хабарласу керек, содан кейін, әрине, біздің мамандар бұған әрекет ету шараларын қабылдайтын болады».

(2013 жылғы 18 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісіндегі үкімет сағатында айтылған)

13 наурыз 2013

ҚКХП-ның бірінші хатшысы, мәжіліс депутаты Владислав КОСАРЕВ:

«Біз дүкенге өз таразыларымызбен бармаймыз ғой, сондықтан да коммуналдық қызметкерлерге есептеу аспаптарын қондыру керек болса, дүкендегі таразыдай өз есептерінен қондырсын да, қызметтерін – жылуды, суды және тағы басқаларын сатсын».

(Астана қаласындағы ТКШ қызметтеріне бағаның өсуіне қарсы шыққан рұқсат етілген митингте айтылды)

6 наурыз 2013

ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат ДОСАЕВ:

- Мен киіп жүрген қазақстандық тауарлар – аяқ киім мен спорттық киім біздің кәсіпорындарда тігілген. Жалпы, жеңіл өнеркәсіптің проблемаларын министрлер есебінен шешу әділдік пе?

(«Үкімет сағатында» депутаттың «шенеуніктер қазақстандық бір нәрсе киеді ме?» деген сұрағына берген жауабында айтылған)

1...1718