ҚР Энергетика министрі Алмасадам СӘТҚАЛИЕВ:
– Расында да, біз жағдайдың күрделі екенін білдік. Жылдар бойы жеткілікті қаржыландырылмағандықтан энергетика кәсіпорнында апатты жағдай орын алды: жабдықтар тозған, күрделі жөндеу жұмыстары толық көлемде жүргізілмеді, жалақының төмендігінен кадр мәселесі туындады. Осының бәрі ағымдағы апатқа, №1 блоктың тоқтауына әкелді.
(4 шілдеде үкімет отырысының кулуарында айтылды)