ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат НҰРБЕК:
- 90 жылдары көп ғалымдарымыз шетелге кетіп қалды. Қарапайым мысал: егер 90 жылдары Қазақстанда 52 мың ғылыми қызметкер болса, он жылдан кейін 2000 жылы олардың 12 мыңы-ақ қалған. 35 мыңынан, яғни кеңес ғалымдарының үшінші буынынан айырылып қалдық. Елшіліктермен бірігіп база құрдық, жетекші ғылыми институттар мен университеттерде жұмыс жасайтын біздің жас немесе тәжірибесі бар 680 ғалым бар. Біз оларды анықтадық. Енді оларды елге қайтарудың жолын қарастырып жатырмыз.
(Парламент мәжілісінің пленарлық отырысында айтылды)
Сурет: gov.kz