Атырау, 14 қараша 22:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 492.17
€ 522.39
₽ 5.00

Барлық дәйексөздер

27 маусым 2017

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі НАУРЫЗБАЕВА:

- ...1 қаңтардан бастап ресімдейтіндер соманы жылдық емес, ай сайын алатын болады. Бұдан басқа, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетақы жасы өзгеріп, жыл сайын жарты жылдан қосылатын болады (әйелдің шығу жасы 63 жасқа жеткенше 2027 жылға дейін) Осылайша, әйелдерде зейнетақыға шығу жасы ерлер секілді болады.

(Атырау облысына келген сапары барысында айтылған)

20 маусым 2017

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Жаһандық қаржы архитектурасын өзгерту қажет. Яғни халықаралық есептік төлем бірлігін енгізуге кірісер күн туды... мұндай бірлік криптовалюта түрінде енгізілуі керек.

(Астана экономикалық форумында айтылған)

13 маусым 2017

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кеңесінің төрағасы Әлия БЕКҚОЖИЕВА:

- «Облтрансгаз» болған кезде мұндай проблемалар болған жоқ. Сіз дайын нысанды алдыңыз. Сіздердің маңдарыңызда өз фирмаларыңыз бар. Ажырату-қосу, мұның бәрі сіздердің төңірегіңізде туындаған, аффилирленген кәсіпорындар. Мен күн сайын сіздердің қастарыңыздан өтемін, ол жерден жүру мүмкін емес. Басшылыққа кіре алмайсың, талабыңды жеткізе алмайсың.

(«ҚазТрансГаз Аймақ» Атырау филиалының басшылығымен кездесуде айтылған)

6 маусым 2017

Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Света АМАНШИЕВА:

- Қала бойынша барлық мектептерде аттестат табыстау салтанатты 12 маусым күні ата-аналардың, ұстаздардың қатысуымен мектеп қабырғасында өтеді. Бұл шараға әр мектеп әрқалай дайындалады. Ал, түлектердің кешін жасайды ма, қай күні қайда өткізгісі келеді, ол ата-аналардың өз еріктерінде. Түлектердің аттестат алу шарасы 12 маусымда өтетіндігі жөнінде жергілікті полицияға хат арқылы ескерттік. Олар бітірушілердің қауіпсіздігін қадағалайтын болады.  

(Мектеп бітіру кештеріне байланысты «АЖ»-ға айтқаны)

30 мамыр 2017

Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВА:

- Егер уақытында кезекке тұрса, онда үш жыл ішінде ешқандай тамыр-таныссыз орынға қол жеткізе алады. Биыл 2014 жылдың және 2015 жылдың үш айының өтініштерін жабамыз.

(Мектепке дейінгі мекемелердегі жағдай туралы айтылған)

23 мамыр 2017

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат МЕЛДЕШОВ:

– Жоғары оқу орындары ақша төлесе малды да қабылдайды ғой... кейін сол малды шығарып жібереді. Кейін ол мал бізге келеді, ал оның 48 миллион теңге төлейтіні бар... соның кесірінен де бағдарлама ақсап, республика басшыларының мазасы кетеді.  

(«Болашақ» бағдарламасының кейбір стипендиаттары туралы кеңесте айтылған)

16 мамыр 2017

«Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚ басқармасының төрағасы Күләш ШАМШИДИНОВА:

- Біз курсты алғаш рет өткізгенде мұғалімдер тіпті өздерінің электронды почталарының мекенжайы мен парольдерін білген жоқ. Бұл күлкілі емес. Бұл қауіпті!

(Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жетекші мектептерінің форумында айтылған)

9 мамыр 2017

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау филиалының директоры Дәурен ЕРҒАЛИЕВ:

- Жолдың кейбір бөліктерінің бүлінуі күз және қыс мезгілдерінде түскен толассыз жауын-шашыннан пайда болған жарықшақтардан ылғалдың жол жамылғысының негізгі қабатына өтіп кетуі салдарынан болған.

("АЖ"-ға берген сұхбатынан)

2 мамыр 2017

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Ата-аналардың ең басты қателігі мынада: олар балаларына сен ғарышкер боласың, сен президент, министр, тағы басқа боласың деп айтып жатады. Ондай мақсат қойып керек емес. Бастысы – жақсы білім алу керек, ал ары қарай ол өзі біледі. Сондықтан, егер баланың алдына сондай мақсат қойсаң, ал ол оған қол жеткізбесе, бұл оның сағын сындырады. Баланың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарау керек.

(Оңтүстік Қазақстан облысына барған сапары кезінде айтылған)

25 сәуір 2017

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Ескі үйлерді сүріп тастау бойынша жұмыстарды жандандыру қажет. Дәл осы жерлерге туристер барып, суретке түсіріп, барша әлемге көрсетеді.

(Астанадағы EXPO-2017 көрмесіне дайындық барысына арналған кеңесте ескі саяжай үйлері туралы айтылған)

18 сәуір 2017

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ:

Өз жұмысын атқара алмайтындардан арылыңыз, жаңа мамандар алыңыз. Сіздің тәжірибеңіз мол, сондықтан жүйені ретке келтіру үшін денсаулық сақтау саласын сізге сеніп тапсырып отырмыз.

(Актив жиналысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының Оралдан келген жаңа басшысына айтқаны)

11 сәуір 2017

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік СЕЙДУМАНОВ:

- ...біздің жалақымыз мемлекеттік қызметте жасаған жұмыс өтілімізге байланысты. Мәселен, біздің комитеттің құрамында жас маман Геннадий ШАПОВСКИХ бар. Міне, оның мемлекеттік қызметтегі өтілі аз болса, менің өтілім көп саналады. Геннадий 638 мың теңге алады, мен 740 мың теңге аламын.

(«Время» газетіне берген сұхбатында айтылған)

4 сәуір 2017

Қырғызстан президенті Алмазбек АТАМБАЕВ:

- Мен өз халқымның алдында тазамын. Маған мені қорғайтын және сақтап қалатын мұрагер керек емес.

(Тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңестің отырысында айтылған)

28 наурыз 2017

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ ШӨКЕЕВ:

- Мәселе мынада, зауытты жаңғырту жұмыстары несиеге жасалған және бұл қарызды қайтару қажет... Егер Атырау МӨЗ-ді алғысы келетін жеке тұлға табылса, зауытты қандай сомаға сату керек деген сұрақ туындайды.

(АМӨЗ-ге барған сапарында айтылған)

21 наурыз 2017

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Адамның жасы туралы сұрақ – бұл бос сұрақ. Шалға ұқсайтын 30 жастағылар бар, сондай-ақ орда бұзардай 80 жастағылар да кездеседі. Бәрі адамға байланысты. Ең басты сұрақ - Елбасы өз міндеттерін орындай отырып, жылдан жылға адамдардың өмірін жақсартып жатыр ма, жоқ па?

(Республикалық БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтылды)

14 наурыз 2017

Шетелдік маман Энди УОЛТЕРС, Атырау қ.:

- Менен басқа адам соңғы кездері супермаркеттерде бағаның өсіп кеткенін байқады ма екен??? Бүгін «Гринфилд» шайы (100 пакет) 1560 тг болды, екі апта бұрын 1025 тг болатын! Тұзды «Президент» сары майы – өткен аптада 568 тг болды, енді 1076 тг. Бұл «Идеалдағы» баға. Сол май «Лидерде» кеше  856 тг болды. Бағалар не болып жатыр???

(Facebook әлеуметтік желісінде айтылған)

7 наурыз 2017

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытгүл ХАМЕНОВА:

- Халық мені неге түсінбеді?.. Мен Елбасыны сүйемін. Мен Президентпен «көзімді аштым». Мен - тәуелсіз Қазақстанның ұрпағымын.

(Парламентте сөйлеген сөзіне қатысты білдірген пікірінде айтылған)

28 ақпан 2017

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ:

- Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, біздің нақты мақсатымыз бар. Оны 2017 жылы атқаратын боламыз. Атап айтқанда, Атырау-Астрахан көлік жолын салу. Бұрын инертті материалдар шағын көлемде жеткізілетіндіктен облысымызда жол салу қиындап кететін. Біз ҚТЖ-мен вагондар санын көбейтуге қатысты келіссөздер жүргіздік... 

(Тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтылды)

21 ақпан 2017

«Трибуна. Саяси қалам» газетінің редакторы Жанболат МАМАЙ:

- Мұның соңы тұтқындауға әкеліп соғатынын білдім. Сыртымнан аңдыды. Артымнан бағып жүргендей болды. Мен бірде бұл туралы БАҚ-та жазған болатынмын. Бұл не елден кет, не "отыруға" дайындал деген емеурін болған шығар деп топшылаймын. Мен елден кетпеймін және бұл туралы ойлаған да емеспін. 

(Тұтқындаудан кейін жазған хатында айтылған) 

14 ақпан 2017

ҚР премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ:

- Мен скептиктер көп екенін түсінемін, олар біз неге осыншама ақшаны шығындадық дейді. Ал бұл жерде ЕХРО-дан Астанаға ғана емес, бүкіл еліміз зор пайда көретін болады. Сондықтан, қазірден бастап барынша жинақы бола отырып, еліміз үшін имидждік шара саналатын ЕХРО-ны жоғары деңгейде өткізуіміз қажет. Біз оны да (Алматыдағы Универсиада секілді) жоғары деңгейде өткіземіз деп ойлаймын.

(Үкіметтің отырысында айтылған)

7 ақпан 2017

ҚР ішкі істер министрі Қалмұхамбет ҚАСЫМОВ:

- Жол-патрульдік қызмет жұмысында жезлдерді пайдаланудан бас тартуға байланысты өңірлік әкімдердің қолдауымен ЖПҚ қызметкерлерін жарық беретін жеңқаптар, ақ қолғап және басқа да формалық жарақтардың қосымша элементтерімен қамтамасыз етеміз.

(Үкімет отырысында айтылды)

31 қаңтар 2017

Саясаттанушы Данияр ӘШІМБАЕВ:

- ...елімізде билік ауысады деген әңгімелер бізде жылдар бойы айтылып келеді. Сондықтан Қазақстанда қашан да болсын жаңа президент болады дегенге сену – саяси мифология. Мен жақында бір даналық ой-пікір естідім: алдымен президенттің 80 жылдығын атап өтейік, содан кейін әрі қарай қалай жылжитынымызды көрерміз.

(REGNUM.RU-ге берген сұхбатында айтылған) 

24 қаңтар 2017

АҚШ президенті Дональд ТРАМП:

- Еліміздің астанасында шағын адамдар тобы өте ұзақ уақыт басқару, мемлекеттік биліктің жемісін көріп келді, ал шығындар қарапайым адамдардың иығына артылатын. Вашингтон гүлдеді, бірақ, адамдар оның бұл байлығының игілігін көрген жоқ... Сондай-ақ, олар ел астанасында мерекелеп жатқанда, еліміздегі мүшкіл жағдайда қалған отбасылардың той тойлайтын түгі жоқ еді.

(2017 жылдың 20 қаңтарында өзінің ұлықтау рәсімінде айтқаны)

17 қаңтар 2017

Айсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Атамды біле отырып, мен бұл ауыр жұмысты Мәсімов (ҰҚК төрағасы) Қазақстан президентінің айналасындағыларды толық тазартқанша жалғастыратынын нақты айта аламын.

(Facebook-тегі жеке парақшасында айтылды)
10 қаңтар 2017

ҚР премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ:

- Біз қазір ХҚКО-да қандай жағдайдың орын алғанын көріп отырмыз: кезек, адамдардың наразылығы. Сұрақ көп, ақпарат жеткіліксіз. Біздің мемлекеттік органдар түсіндіруге тырысуда, бірақ, халық мұны қабылдап жатқан жоқ.

(Тоқтаған мекенжайға 10 күннен аса уақыт тіркеусіз жүруге салынған тыйымға байланысты айтылған)

3 қаңтар 2017

Саясаттанушы Талғат ҚАЛИЕВ:

- Қазақстан әлемнің 50-ге жуық елінің азаматтары үшін визаны алып тастады, бірақ, өз азаматтарына уақытша тіркелмегені үшін айыппұл салады. Неге біздерде бар жақсының бәрі қонақтар үшін жасалады? Мүмкін, өзіміздің халқымызға да зор махаббат, керемет қамқорлық білдірмесе де, ең болмағанда, сәл құрметпен қарайтын кез жеткен болар?

(ҚР-ның «Халықтың көші-қоны туралы» Заңындағы жаңажылдық өзгерістерге байланысты айтылған)

27 желтоқсан 2016

ҚР Премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ:

- Баяндамашыға сұрақтарыңыз бар ма? Егер жоқ болса, тіркелулеріңізді өтінемін. Ешкімдікі қосулы тұрған жоқ, карталарыңызды кері салыңыздар. Қане, тіркелеміз де дауыс береміз. Жыл соңына қарай күш қалмады, ал техника жұмыс жасап тұр. Техника жасап тұр-ау, қол қалтырайды. Болды, шешім қабылданды.

(Үкімет отырысында айтылған)

20 желтоқсан 2016

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ:

- Мұның Әблязовтің сұхбатымен байланысы жоқ. Бұл - телекоммуникация желілеріндегі техникалық ақау. Мұндай нәрселер қайталанып тұрады. Мен бұл жағдай 16 желтоқсанмен тұспа-тұс келіп қалғандықтан ғана резонанс тудырды деп білемін.

(Әйгілі интернет-сервистердің бір тәулікке жақын қолжетімсіз болуы туралы айтқаны)

13 желтоқсан 2016

Журналист, сотта қорғаушы Баян РАМАЗАНОВА:

- Олар Матаевтарды отырғызып, олардың барлық мүлкін тартып алып, оны журналистер Одағының төрағалығынан алып тастамақ болды, оларға ақпараттық агенттік қажет еді және олар қалай болғанда да мұның бәріне қол жеткізеді.

(6 және 5 жылға сотталған күйеуі мен ұлының қылмыстық ісі бойынша нәтижесіз апелляциядан соң айтылған)

6 желтоқсан 2016

Қоғам қайраткері Жанболат МАМАЙ, Алматы қаласы:

- Мен еліміздің болашағы үшін қорқамын. Бұл елде, тіпті, президенттің немересі де заңсыздыққа, әділетсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа шағымданады.

(Айсұлтан Назарбаевтың ҚР-дағы жоғары шенді бірнеше шенеуніктің тарапына айтқан сынына қатысты Фейсбуктегі жеке парақшасында айтылған)

29 қараша 2016

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

«...сондай-ақ болмашы және ауыр емес қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жазадан босатуды көздейді. Сотталғандардың басқа да санаттарына қатысты рақымшылық олардың жасаған әрекетінің жеңіл-ауырлығын ескеріп, шектелген ауқымда және жіктелген түрде, сондай-ақ келтірген шығынды толық өтеген жағдайда қолданылады»

(Амнистия туралы заң жобасына түсініктен үзінді)

22 қараша 2016

«Арлан» ҮЕҰ-ның жетекшісі Макс БОҚАЕВ:

- Бұл қылмыстық істің барлық 73 томы – макулатура.

Азаматтық белсенді Талғат АЯНОВ:

Менің ар-намысым таза, мен кінәлі емеспін.

(«Жер митингілері» туралы іс бойынша сотта айтылған соңғы сөздері)

15 қараша 2016

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Біздің әйелдерімізге Парижге барудың керегі жоқ. Астананың кез келген дүкеніне кіріңіз, онда бәрі бар. Әлемде бар бүкіл мейрамханалар, асүйлер осында.

(Астана клубының отырысында айтылған)

8 қараша 2016

Ағасының қорғаушысы Жанаргүл БОҚАЕВА:

- Сіз маған «сөйлеуге мұрша бермедіңіз» деп ескертуді жиі жасағаныңыз сондай, мен тіпті өзімді қораш сезіне бастадым.

(«Жер митингілері туралы» іс бойынша өткен сот отырысында айтылған)

1 қараша 2016

Атырау қаласы маңындағы ресейлік әскери бөлімнің командирі, полигон бастығы Василий ЗАДОРОЖНЫЙ:

- Енді ату үшін бізге осыншама жерді ұстаудың қажеті жоқ. Қазір Ресейдегі әскери техника деңгейі сіріңке қорабына да дәл тигізуге мүмкіндік береді.

(Сынақ полигондарына арналған аумақ туралы «АЖ»-да айтылған)

1...111213...18