Атырау, 14 қараша 22:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 492.17
€ 522.39
₽ 5.00

Барлық дәйексөздер

7 қараша 2018

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Көптеген елдер алға озып кетті. Ресейде, Қытайда "Силикон жазығын" жасап жатыр, біз де қалмауымыз керек! Егер біз осы жүйткіген пойызға ілесіп үлгермесек, басқа елдердің құйрығында қала береміз.

(Astana Hub технопаркін ашу рәсімінде айтқаны)

31 қазан 2018

«Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат ПЕРУАШЕВ:

Құрметті Владимир Карпович, әріптестер! Бізде мәжілістің ресми жиыны өтіп жатыр, ал сіздер комсомол күнімен құттықтап жатырсыздар. Мұндай мереке жоқ. Әріптестер, мен біздің қандай елде тұратынымызды еске салғым келіп тұр. Біз тәуелсіз Қазақстанда тұрамыз. Біздің күнтізбеде ондай мереке жоқ. 

(Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божкоға айтқаны)


24 қазан 2018

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің төрағасы Алик ШПЕКБАЕВ:

- Құрметті мемлекеттік қызметшілер, өзгеру керек. Қарапайым болыңыздар. Қарапайым болу – мемлекеттік қызметші әдебінің маңызды стандарттарының бірі.

(Facebook-тегі жеке парақшасында жазылған)

17 қазан 2018

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен АБАЕВ:

- Соңғы 15 жылда журналистика кей салаларда өткірлігін жоғалтып, ал кей жерлерде қаламдарын қайрай түскен сияқты – бір шектен екінші шекке шығу.

(Jas Qalam жас журналистер форумында айтылды)

10 қазан 2018

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ:

- Бізде емханаларда бір дәрігер 2500-3000 пациентке дейін қабылдайды. Бұл тек кадрлардың тапшылығынан емес - өкінішке орай, қазіргі қаржыландыру жүйесі бас дәрігерлерге тапшылық тиімді болатындай етіп  құрылған.

(Атырауда өткен «Медициналық көмектің сапасын және қолжетімділігін арттыру» аймақаралық конференцияда айтқан)

3 қазан 2018

NCOC N.V. денсаулық сақтау, еңбек  және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі директоры Н.В. Ермек МАРАБАЕВ:

- Алаулар жанып тұрды, әлі де жанады, бұл «Болашақ» зауытын қауіпсіз пайдалану шарты. Газды бізге ұнағандықтан жағып отырған жоқпыз, бұл өндірістік қажеттілік. Бұл бізге де тиімсіз, өз ақшамызды жоғалтамыз. Бұл жобаға көп қаражат жұмсалды, бізге оны «қайтару» керек

(Қашаған кен орнын Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасының №2 толықтыруының алдын ала қоршаған ортаға әсерін бағалауы (ҚОАБ) бойынша қоғамдық тыңдауында айтылды)

26 қыркүйек 2018

ҚР Премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ:

- Сіздің ойыңызша, егер біз жалақыны көтерсек, қылмыспен күресесіздер, болмаса, жұмыс істемейсіздер ме? Сіздер адамның өміріне немқұрайлы қарайсыздар! Бұл адамның өмірі ғой! Бұлай жеңіл қарауға болмайды!

(Үкімет отырысында Атырау облысының ІІД басшысына айтқаны)

19 қыркүйек 2018

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет ҚАСЫМОВ:

- Отставкаға кетуге қатысты. Біз - әскери адамбыз, қай жерге бұйрық берсе, сол жерде жұмыс істейміз. Бұйрық қалай болса – жұмыс солай болады.

(Астанада болған брифингте айтылды)

12 қыркүйек 2018

ҚР Инвестиция және даму министрлігінің департамент директоры Марғұлан ӘБДІКАРИМОВ:

- Әрбір МИБ (мүлік иелері бірлестігі) ағымдағы және жинақ шоттарын ашады. Егер үйдегі пәтер саны 10-нан аспаса, онда серіктестік құрылады. Ал егер пәтер саны 10-нан көп болса, тұрғындар арасынан төраға сайланады. Егер ешкім болғысы келмесе, МИБ жалдамалы менеджер ретінде жеке тұлғаны жұмысқа алады.

(ТКШ саласын реформалау бойынша заң жобасына қатысты айтылды)

5 қыркүйек 2018

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ:

- Қызметкерлерді ынталандыру мақсатында 2019 жылы жалпы практикалық дәрігерлердің, салалық мамандардың қызметі тарифтерін кезеңдермен көтере отырып, келісімді ақы төлеу жүйесі енгізіледі.

(Үкімет отырысында айтылды)

 

- Дәрігер түрлі тетіктер шығаратын станокпен емес, адамдармен жұмыс жасайды, не ойлап табарларын білмейді-ау.

(аzh.kz сайты қолданушысының жаңалықтар астына жазған комментариі)

29 тамыз 2018

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Мен әлемнің барлық еліне дерлік бардым, түрлі елдердің 251 басшысымен кездестім, олар ауысады, ал мен қаламын, сондықтан олар көп болады.

(Атыраудағы жиналыста айтылды)

22 тамыз 2018

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Барлығы үнемі даму бағдарламасы неліктен 2030 жылға дейін деп сұрайды. 90-шы жылдан 30-шы жылға дейін 40 жыл! Мұсаның 40 жылы. Ол өз халқын 40 жыл бойы құмның арасында алып жүрді. 2030 жылға қарай гүлденген елде өмір сүретін мүлдем жаңа ұрпақ, жаңа қазақстандықтар болады деп ойлаймын.

(Жаңа деректі фильмде айтылды) 

15 тамыз 2018

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ:

- Әзірленіп жатқан санкциялар еліміздің экономикалық мүдделеріне қайшы келмеу бағытында американдық әріптестерімізбен жақсы түсіністік бар екенін атап өткім келеді... Келесі жағынан Ресей үкіметінің экономикалық блогымен де жақсы қарым-қатынастамыз.

(2018 жылғы 22 тамызда АҚШ-тың РФ-ға қатысты жаңа санкциялар енгізуі туралы айтылды) 

8 тамыз 2018

Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан АБЛАЛИЕВ:

- Жыл жарым уақыттан бері Ислам даму банкінен қарыз алу туралы келіссөздердің жүргізілгенін бәрі біледі. Алайда келісімге келе алмадық... Еуропа банкі – Қазақстанның стратегиялық әріптесі, біздің өзара көптеген келісімдеріміз бар.

(Атырау-Астрахан тас жолының қазақстандық бөлігін қайта жаңғыртуға қатысты «АЖ»-ға айтқаны)

1 тамыз 2018

Мемлекеттік айыптаушы Ержан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ, Орал қ.:

- Құрметті сот, мен жергілікті полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі үшін  облыстық ІІД бастығы (Батыс Қазақстан) генерал Аблазимовке қатысты жеке қаулы шығару туралы өтініш беретінімді мәлімдеймін.

(102 номеріне хабарласып, көмек беруді өтінген, келесі күні қайын атасының қолынан өлген 27 жастағы Ақерке К.-ге қатысты сотта айтылған)

25 шілде 2018

Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан БЕКТҰРҒАНОВ:

- Билер кеңесі облыстық соттың жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде жұмыс істейді. Сөзге шешен, үлкен беделі бар кеңес мүшелері адамдарға туындаған дауларды дәстүрлі «қазақ заңдары» негізінде шешуге көмектеседі.

(Қоғамдық ұйымдармен аталмыш меморандумға қол қою кезінде айтылды)

18 шілде 2018

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Аз-мұз ақша жинап, банк ашуға келеді. Ұлттық банк рұқсат береді. Содан кейін «Біз үлкен пайыз береміз! Ақшаларыңызды бізге салыңыз» деп адамдарды үгіттеп, көше, аялдамаларды кезіп, шауып жүреді. Адамдар бұған сеніп, соларға барады. Ал содан соң акционерлер бұл ақшаны ұрлайды.

(ҚР Ұлттық банкі төрағасымен кездесуде айтқаны)

11 шілде 2018

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ:

- Кезінде, 2010-2011 жылдардың басында, электрондық тіркеу жүйесі енгізілгенде барлығын жаппай тіркеді. Өзім де Астанада тұрған бес жылдан кейін басқа облыста тіркелгенімді білдім. Жүйе жұмыс істей бастады, қазір ЖСН арқылы барлығын тексеруге болады. Алайда сіз басқа жерге тіркелген болсаңыз, бұл ай сайын ақша белгісіз жаққа аударылып жатыр деген сөз.

(Емханаларда тіркеу және жаңа ӘМСҚ жұмысы туралы айтқаны) 

4 шілде 2018

ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр АКИШЕВ:

- Дамушы елдердің нарығында валюталардың әлсіреуі болып жатыр. Теңге де осындай дамушы ел – Қазақстанның валютасы.

(Алматыда өткен брифингте айтылды)

27 маусым 2018

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

- Шындығын айтсам, президент Назарбаев 2020 жылғы президент сайлауына түседі деп ойламаймын. Сенбеймін. Ол – дана адам. 2020 жылы Назарбаевтың қатысуынсыз өзге үміткерлердің президент  сайлауына түскенін көреміз.

( ВВС британдық жалпыұлттық телерадио тарату ұйымына берген сұхбатында айтылды)

20 маусым 2018

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ:

- Синофобияны фейк өндірушілер жүйелі түрде қолданып жүр. Өйткені Қытайға қатысты кез-келген «жағымсыз» ақпарат әлеуметтік желілерде үлкен қызығушылық тудырады... Қытайлықтардың Қазақстанға деген құлшынысы – бұл миф.

(«Евразия» Бірінші арнасындағы бағдарламада айтылды)

13 маусым 2018

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Бізге төртінші мұнай өңдеу зауыты керек деп әрдайым айтып жүрмін... Бұған 50% олар, 50% біз кіреміз деп келістік. Жоба 2 миллиардқа жуық АҚШ долларына бағаланған. Кім Қазақстанда осындай инвестиция салады?

(Қытаймен ынтымақтастық жоспарлары туралы айтылған)

6 маусым 2018

Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ерболат УАЙСОВ:

- Жалпы, менингококк - классикалық балалар инфекциясы... мұрын қуысында өмір сүреді және ауа-тамшы арқылы тасымалданады, бірақ ол өте «нәзік», адам ағзасынан тыс жерде 30 минут ішінде өледі. Өзі ауырмайтын адам да инфекция тасымалдаушы болуы мүмкін.

(Кеңесте айтылды) 

30 мамыр 2018

Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Қабижан ҚАПАНОВ:

- АМӨЗ-дің ауаны ластайтыны айқын болса да, оларды ұстау оңай емес... Зауыттағы тексеру нәтижелері бойынша біз АМӨЗ басшылығына шығарындыларды азайту үшін қайда және қандай жабдықты орналастыру керектігі туралы ұсынымдар жолдадық. Олар орындамады, енді сот шешімін күтеміз.

(Брифингте айтылды)

23 мамыр 2018

Атырау облысы әкімі Нұрлан НОҒАЕВ:

- Оқудан (Мәскеу институтынан) шығарып жіберіп, үйге оралсам, адамдар «Асқардың ұлы оқи алмай, қайтып келіпті» деп айта ма деп қорықтым.

(АМжГУ студенттерімен кездесуде айтылды)

16 мамыр 2018

Атырау облысы бойынша өкіл имам Батыржан қажы МАНСҰРОВ:

- Намазға әлі жығылмаған адамның ораза ұстауына болады. Өйткені ораза өзінше бір - парыз, ал намаз бөлек парыз. Тұтқан оразасының сауабын алады.

(Баспасөз конференциясында айтылды)

9 мамыр 2018

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр АКИШЕВ:

- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан банктер мен корпоративтік қазақстандық эмитенттер құралдарына 200 миллиард теңге инвестиция салатын облигациялық бағдарлама қайта жаңғырады. Инвестиция нарықтағы шарттар бойынша, облигацияларды бес жыл мерзімге дейін иелену арқылы салынады.

(Парламенттік тыңдауда айтылды)

2 мамыр 2018

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Дүниежүзілік экономикалық форум сарапшылары алдағы 10 жылдағы үш трендті атап өтті. Біріншісі – адамдардың әл-аухатының теңсіздігі, екінші - әлеуметтік топтарға бөліну және үшіншісі – экологиялық қауіп-қатердің өсуі.

(Қазақстан халықтарының ассамблеясы сессиясында айтылды)

25 сәуір 2018

Армения Республикасының бұрынғы президенті, премьер-министрі Серж САРГСЯН:

- Сіздерге мемлекет басшысы ретінде соңғы рет үндеу жариялаймын... Мен елдің жетекшісі, үкімет басшысы қызметінен кетемін... «Көше» қозғалысы менің бұл лауазымда отырғаныма қарсы шықты, мен сіздердің талаптарыңызды орындаймын. Елімізге бейбітшілік, келісім және даналық тілеймін"

(Халыққа жолдауында айтылды)

18 сәуір 2018

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛЛИН:

- Сіз қазір министр сияқты емес, Алай (Ташкенттегі көне базар) базарының "менің тауарым жаман, бірақ арзан" дейтін әйгілі саудагері сияқты сөйледіңіз. 

(Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Атамқұловқа айтқаны)

11 сәуір 2018

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ:

- 2016 жылы ағылшын тілінде тек 2 мың мұғалім сабақ берді... Осылайша, 2019 жылы 13,5 мың мектеп оқытушылары төрт пәнді ағылшын тілінде оқытатын болады.

(ҚР Президентімен кездесуде айтылды)

4 сәуір 2018

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен АБАЕВ:

- Міне, біздегі баспасөз бостандығының көрінісі: қазір кетуім керек болса да, сіздер сұрақ қойып жатырсыздар... Мен өзім сөз бостандығы индексіне 10 балдық шкала бойынша 7-8 беремін. Әлі де алар биіктігіміз бар екеніне сенімдімін.

(Үкімет отырысынан кейін журналистерге айтқан)

28 наурыз 2018

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Омархан ӨКСІКБАЕВ:

- Қазір олар стратегиялық әріптес әкелеміз деп түсіндіріп жатыр... Олардың ережелері қандай болмақ? Біз оларға не рұқсат етеміз, не жоғалтамыз, не пайда табамыз? Сіздер барлығын үстіртін айтасыздар, ал халық бұл сөздеріңізден ештеңе түсінбейді.

(Үкіметтің Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін жекешелендіру жоспарына қатысты айтылған)

20 наурыз 2018

РФ Президенті Владимир ПУТИН:

- Мені тыңдаңыз, сіздің айтып отырғаныңыз сәл күлкілі нәрсе. Есептеп көрейік, мен 100 жасқа дейін осы жерде отырамын ба? Жоқ.

(2030 жылғы сайлауға қатысу туралы қойылған сұраққа берген жауабы)

14 наурыз 2018

Индер ауданындағы шаруа қожалығының иесі Тілекқабыл СҰЛТАНҒАЛИЕВ:

- Малды тәулік бойы үзбей қарауың керек, көзден таса қалса, еңбегің бір сәтте зая болады. Демалысты ұмытасың. Сондықтан да ауыл адамдары жұмыстары болмаса да, мал баққысы келмейді. Болашақта мал бағатын адамдар мүлдем азайып кете ме деп қорқамын. Бұл мәселені қалай да шешу керек. 

(«АЖ»-ға берген сұхбатында айтылды - «Малшының таяғынан…»)

1...91011...18