Атырау, 14 қараша 22:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 492.17
€ 522.39
₽ 5.00

Барлық дәйексөздер

23 ақпан 2016

ҚазТАГ агенттігінің бас директоры Әсет МАТАЕВ:

- Бұл антикоррупциялық қызметтің өте күшті екенін түсіну қажет және Серік Ахметовтың ісінен кейін олар елімізде кез келген адамды отырғыза аламыз деп есептейді, олар өз мәртебесін айта отырып мұны жасырмайды.

(ratel.kz сайтына берген сұхбатында айтылған)

16 ақпан 2016

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Басшылық жүретін жолды жалай бермеу керек. Бар қаражатты жайсыз, жолы нашар аудандарға бөлу керек.

(Алматыны дамыту және 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың дайындығы жөніндегі жиналыс кезінде айтылды)

9 ақпан 2016

«Ақ Жайық» газеті сайтының анонимді қолданушысы:

- Сіздер біздің АСТАНАДА қарапайым ГАЗДЫҢ жоқтығын білесіздер ме? Газ құбыры салынбаған, ЖЭО мазутпен және көмірмен жұмыс істеп тұр, жеке сектор қыста өте қымбатқа жылытылады және лас, егер жел болмаса, Астана қаласын түгелімен ыс пен түтін басады.

(«Назарбаева вводят в заблуждение о ходе подготовки к EXPO – Х. Корреас» мақаласына орай жазылған комментарийде айтылған)

2 ақпан 2016

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Қараңыздар, негізгі азық түліктің бағасы мынадай: сиыр еті өткен жылы қаңтарда 1470 теңге тұрған, қазір 1150 теңге. Жылқы еті – 1600 теңге еді, қазір 1400 теңге, май бұрын 1500 еді, бүгінде – 1300... Базарларға барып, бағаларды салыстырыңыздар.

(«Нұр Отан» партиясының съезінде айтылған)
26 қаңтар 2016

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Баршаңызды сайлауға белсене қатысуға, еліміздің болашағы жолындағы тұтастығымыз бен бірлігімізді тағы да танытуға шақырамын.

(Ақордада өткен кеңесте айтылған)

19 қаңтар 2016

ҚР бірінші вице-премьері Бақытжан САҒЫНТАЕВ:

- Бүгінгі күні бізге белгілі бір уақыттан кейін Ұлттық қордағы қаражат таусылады деп алаңдаудың қажеті жоқ.

(Астанада өткен брифингте айтылды)

12 қаңтар 2016

Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:

- Маған неліктен коммуналдық базарда қала тұрғындарынан көлік тұрағында 50 теңге алынады деп сұрақ қойды. Өйткені, «Сарайшық» өзін өзі қаржыландырады, біз ол жерге ақша салмаймыз, ал базардың әкімшілігі күзет, тазалаушылар ұстауы керек, жарық үшін ақы төлеу керек және т.б.

(Облыстық мәслихат сессиясында айтылды)

5 қаңтар 2016

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Патриоттық акт қабылдау жоспарланып отыр, онда халық бірлігін, толеранттылық пен сенімді одан әрі нығайту жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары көрсетілетін болады.

(Ақ ордада өткен кеңесте айтылды)

30 желтоқсан 2015

Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:

- ...басқа базарлармен салыстырғанда баға төмен болады, бұған мен кепілдік беремін. Біз облысымызда өндірілетін азық-түліктердің бағаларын толықтай бақылауда ұстаймыз. Біздің жобаларымыздың бәрі бірдей толық қуаттылыққа шыққан жоқ. Сондықтан мен уақыт өте келе тауарлар түрі мен мөлшері көбейеді деп толықтай жауапкершілікпен мәлімдей аламын.

(Атырауда коммуналдық базардың ашылуында айтылған)

22 желтоқсан 2015

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав ДОДОНОВ:

- Мен мұнайдың ағымдағы бағасы қазіргідей болып тұрған кезде доллардың теңгеге сәйкесті бағамы 300 теңге деңгейінде болуы тиіс деп ойлаймын... нарықтың ірі қатысушыларының күшімен теңгеге шабуыл ұйымдастырып, долларды еш кедергісіз 400 теңгеге дейін жеткізуге болады. Бірақ бұл тепе-тең бағам осы деген сөз емес.

(radiotochka.kz сайтына берген сұхбатында айтылды)

15 желтоқсан 2015

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья ИЛЬИН:

- Мен жай ғана өз елімнің әнұранын тыңдауға құқығым бар екенін айттым. Маған елімнің қарап отырғанын, Қазақстанның қазіргі әнұранын шырқауға тиіс екенімді жеткіздім. Спортшыларға мұндай кезде абыржымауға кеңес беремін.

(Грозный қаласындағы жарыстарда орын алған жағдайға қатысты Vesti.kz басылымына берген сұхбатында айтылды)

9 желтоқсан 2015

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек КӨШЕРБАЕВ:

- Құрметті мемлекеттік қызметшілер, біздер халық қызметшісі екендігімізді қаперлеріңізге тағы бір салғым келеді. Ал кейде біз өзімізді халықтың қожайыны сезініп кететініміз бар. Бізді жалдап отыр. Осыны естен шығармаңыздар.

(Әкімдіктегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды)

1 желтоқсан 2015

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Зейнетақы жинақтарын бизнесті несиелендіруге жұмсау тоқтатылсын. Бұл ақшалар ел бюджетінің тапшылығын толтыру үшін ғана пайдаланылуы мүмкін. Ал, бизнеске бізге халықаралық қаржы институттары беріп жатқан ақшалар да жеткілікті.

(Қазақстан халқына Жолдауда айтылды)

24 қараша 2015

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен АБАЕВ:

– ...бірқатар ақпарат агенттіктері Президенттің "өзінің орнын басатын лайықты адам жоқ" деген мәлімдемесіне қатысты жаңалық таратты. Бұл сөздер мәтіннен үзіп-жұлқып алынған ғана нұсқасы. Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде министрліктер мен ведомстволар басшылығы деңгейіндегі кадрлар мәселесіне назар аударған болатын. Біз ұсынған бейнежазбаны көрген соң, бұған көз жеткізулеріңізге болады.

(Ақордада үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін айтылды)

17 қараша 2015

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айқын ҚОҢЫРОВ:

- Біздің есептеуіміз бойынша, өткен жылы нанның шынайы бағасы 98 теңге болған. Бүгінде теңге бағамының өзгеруін ескерсек, баға 120-130 теңге шамасында.

(Парламенттегі үкімет сағаты кезінде айтылған)

10 қараша 2015

Режиссер, сценарист Рүстем ӘБДІРАШЕВ:

- Әзірге ол тек сыналды. Түсірілімдер әлі болады... Ол соңғы уақытта киноға қызығып жүр... Бұл оның қолынан келеді деп ойлаймын.

(vlast.kz сайтында Әлия Назарбаеваның «Қазақ хандығы» телесериалына қатысуы туралы айтылған)

4 қараша 2015

Журналист, Павлодар облысы әкімінің екінші өкілі Марк ҚАБДЫҒАЛИ сотта:

- Облыс әкімі неге өкілі ретінде журналисті таңдаған?

- Өйткені, қарсы тараптан сотталушы да журналист болған. Мен өз позициямды айттым ғой. Ал ол бұл сөз бостандығына қарсы деп отыр, менің бұл олай емес, мұның бопсалау, яғни қылмыстық іс екеніне көзім жетті.

- Айтыңызшы, сізге жұмысыңызға ақша төледі ме?

- Жоқ.

- Сіз тегін жұмыс істейсіз бе?

- Мен бұл сұраққа жауап бермесем бола ма?

(Үкім жарияланғаннан кейін баспасөзге айтылды)

27 қазан 2015

ҚР Ұлттық Банк төрағасы Қайрат КЕЛІМБЕТОВ:

- Зейнетақы ақшасына қатысты шешімді Ұлттық қорды басқару кеңесі қабылдайды, оған президент, премьер-министр, қаржы министрі, қос парламенттің спикерлері кіреді. Одан бөлек, бізде зейнетақы ақшасын басқару жөніндегі кеңес бар, оған осы саланың мықты мамандары кіреді.

(«Время» газетіне берген сұхбатында айтылды)

20 қазан 2015

«Ақ Жайық» газетінің сайтын анонимді пайдаланушы:

- Мен теледидар қарап отырып, біздің шенеуніктерді көремін де, бізді сондай ақымақ адамдардың басқарып отырғанына көз жеткіземін. Бұл өте қорқынышты. Олар тек бір адамның мақтауын ғана асыра алады, ал экономикада, қоғамда болып жатқан құбылыстарды түсінетіні шамалы.

(«Назарбаев: Дағдарыс дендеп келе жатыр» ақпаратының астына қалдырылған комментарийде айтылды)

13 қазан 2015

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

– Украiнську мову я розумiю, бірақ аздап ұмыттым.

(П.Порошенкомен болған баспасөз конференциясында айтылған)

6 қазан 2015

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат ПЕРУАШЕВ:

- Депутаттардың жалақысы аз деп ойламаймын. Жеке өзім айына екі рет шамамен 230 мың теңгеден аламын, шамасы, аванспен төленетін болуы керек.

(«Караван» газетіне берген сұхбатында айтылды)

29 қыркүйек 2015

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Біріккен Ұлттар Ұйымының жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама - 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынамын. Оның мәні - барлық ұлттардың әлемдік инфрақұрылымға, ресурстарға және нарықтарға қол жеткізуінің әділ шарттары негізінде әлемдік дамудың жаңа трендін қалыптастыру, сондай-ақ адамзаттың дамуы үшін жалпыға ортақ жауапкершілікті орнықтыру.

(БҰҰ-ның 70-ші мерейтойлық сессиясында айтылды)

23 қыркүйек 2015

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ:

– Бұл бізде (КСРО құлаған кезде Қазақстанда) 146 ядролық шахталарда орнатылған 1 100 ядролық зарядтар (110 баллистикалық зымырандарға 10-нан) болғанын білдіреді. Бұл қорқынышты қару болатын.

(«Данышпандар кеңесінің» шетелдік қатысушыларымен болған кездесуде айтылды)

15 қыркүйек 2015

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

– Сондықтан да бүгін және мәңгілік біздің Қазақстанымыз – «Ұлы Дала елі». Бұл қайта түлеген Ұлы Дала елі. Сүйікті отанымыздың ұлттық атауы міне осындай.

(Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында айтылды)

8 қыркүйек 2015

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Ең бастысы дастарханымызда ас бар. Тіпті ішетін сусынымыз да бар. Киеріміз де, баспанамыз да бар, сол үйлерді жылытатын отынымыз да бар... Ал қалғандарынан, мәселен батыстың киімінен бас тартып та өмір сүруге болады. Рас па? Фуа-грасыз, банансыз, бізге зиян заттарсыз. Ең үздік дейтін, Ленд Крузерсіз де өмір сүруге болады.

(Аграршылармен және үш облыстың әкімдерімен өткізілген кеңейтілген отырыс барысында айтылды)

1 қыркүйек 2015

ҚР білім және ғылым министрі Асылан СӘРІНЖІПОВ:

- Осы жұмыс орындалмаған жердегі облыс әкімдеріне біз жазалау жөнінде ұсыныс беретін боламыз. Бұл басқармаларға, аудандарға, мектепке де қатысты... Бұл облыс әкімінің жауапкершілік аймағы болғандықтан, сол жерде кімге қандай жаза қолданатынын әкім өзі шешеді.

(Өңірлермен өткізген селекторлық жиналыста кітаптар туралы айтылды)

25 тамыз 2015

Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:

- Мақтанған сияқты болсам да, мен өзім әкім болып сайланған 2012 жылдан бері азық-түліктік қауіпсіздік мәселесін көтердім. Біз аграрлық өнеркәсіпке 22 млрд теңге жойдық. Енді міне осының жемісін жейтін уақыт келді.

(Облыстық әкімдікте бағаны ұстау жөнінде өткен жиналыста айтылды)

18 тамыз 2015

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысы Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ:

- Атымызға сын келтірмей менің қызметкерлерімді алып, бірге барып қарауына болар еді ғой.

(Timeskz.kz сайтында «АЖ»-да жарияланған «Бұл кімдердің ау құралы?» мақаласына қатысты айтылған)

11 тамыз 2015

Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:

- Мен өз әріптестеріме үнемі: «Егер сіздердің сыбайлас жемқорлық әрекет жасағандарыңызды байқасам, өз қолыммен тапсырамын» деп айтып отырамын.

(«Ақ Жайық» газетіне берген сұхбатында айтылды)

4 тамыз 2015

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Нарықтық ахуалдың, ел бюджеті жағдайының нашарлауына, сондай-ақ, біздің негізгі экспорт тауарлары бағаларының төмендеуіне байланысты қаржыны жаппай үнемдеу қажет.

(Ақордада өткен кеңесте айтылды)

29 шілде 2015

Алматы қаласындағы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат ҚҰДАЙБЕРГЕН:

- Біздің өндірушілерге, тағы да айтамын, өзінің бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін өте көп еңбек ету қажет болады. Мен тіпті мұндай нәрселерге комментарий беруден қорқамын, өйткені оның қалай болатынын болашақта ғана көреміз.

(ҚР-ның ДСҰ-ға кіруіне қатысты айтылған)

21 шілде 2015

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек ЖӘКИЕВ:

- Мұнай бағасы мен Ресей рублі курсының құлдырауына байланысты қазір отандық бизнес үшін жақсы уақыт емес. Сондықтан да коммуналдық қызметтер тарифін, атап айтқанда, су бағасын өсіру кәсіпкерлеріміз үшін қосымша жүктеме болғалы отыр. Бұл мұнымен шектелмей, бизнес қызметтері бағасының қымбаттауына әкеліп соғады

(Облыстық мәслихатта өткен «Нұр Отан» депутаттық фракциясының отырысында айтылған)

14 шілде 2015

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Сонымен қатар, нысандардың құрылысына шамадан тыс баға қойылып отыр, өз кезегінде бұл қаражат жымқыруға алып келді. Біздің елдің экспорттық тауарларының арзандауының негізінде бюджет қажетті қаражатты жеткілікті түрде алып отырған жоқ. Осыған байланысты ЭКСПО көрмесіне де, Универсиадаға да қатаң экономиканы қолдануға тура келеді.

(Халықаралық көрмеге дайындық барысы жөніндегі кеңесте айтылған)

7 шілде 2015

Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Ли Куан Ю (Сингапурдың негізін қалаушы) өзінің досын отырғызғанын айтқан еді. Ал неге менің үш немеремнің әкесін отырғызғанымды естен шығарады? Олар менің алдыма көздері жасқа тола өз аналарымен бірге келмеді деп ойлайсыздар ма? Келді. Мені уайымдамады деп ойлайсыздар ма? Әрине, уайымдадым.

(«Назарбаевпен басты мәселелер хақында» деректі фильмінде айтылған)

30 маусым 2015

Италия Республикасының премьер-министрі Маттео РЕНЦИ:

- Енді біздің Қазақстанмен қарым-қатынасымыз бұдан да тығыз бола түсті.

(Миланда өткен EXPO-2015 кезінде Н.Назарбаевпен бірге лифтіде тұрып қалуына орай айтылған әзілі).

1...131415...18