ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ:
- Елімізде әлі бірде-бір коронавируспен ауырған адам шықпағаны үшін медицина қызметкерлерінің атына қаншама жағымсыз сөздер айтылып жатыр... Коронавирустің елімізге кіріп, таралуы мүмкіндігін мен жоққа шығарған жоқпын. Біз басқа елдерден артық та, кем де емеспіз. Өзекті мәселелеріміз жеткілікті, алайда біз бұл сыннан сүрінбей өтуге, өз қызметімізді атқаруға мұқият дайындалып жатырмыз. Отандастарын қорғап қалу үшін адамдар қазірдің өзінде аянбай еңбек етуде. Ал жауап ретінде сенімсіздік пен кекетуге ұшырайды... Кейбіреулер өздерінің ақыл-оймен толыспаған интернет каналдарында «лайк» жинау үшін арзан хайп қуып жүр. «Лайктер» табысыңызды арттырар мүмкін, бірақ иммунитетіңізді көтермейді.
(Өзінің Facebook парақшасында айтқан)