Атырау, 19 мамыр 22:03
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Болашақ сарбаздар

Сурет
465 просмотра

Елімізде әскери бағытта оқытатын санаулы мектептердің бірі Атырау қаласындағы “Сармат” мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында бүгінде 130 ер бала білім алып жатыр. Жасөспірімдердің барлығы арнайы жауынгерлік дайындықтан өткен болашақ сарбаздар.

Азамат пен Азат бір туған егіздер. Әкесі Тәжік - Ауған соғысының ардагері. Балалар кішкентай кезінен әкесіне еліктеп әскери болуды армандаған. Қазір екеуі де «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының белсенді оқушылары. Болашақта Азамат шекарашы, ал Азат құтқарушы болғысы келеді. 

Наурызбек пен Амангелді Мейрамбек те Сармат мектебінің егіз оқушысы. Болашақта әскери болуды мақсат еткен балалар спортпен кәсіби түрде айналысуды қолға алған. Олар джиу-джитсудан чемпион.

- Біз кішкентай кезімізден әскери адам болуды армандадық. Атырауда осы мектеп ашылғанда қатты қуандық. Емтиханнан сүрінбей өтіп, мектепке қабылдандық.  Маған өте ұнайды. Мен полицей, егізім өрт сөндіруші болғысы келеді, - дейді Наурызбек.

Айта кету керек, “Сармат” мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты 2023-2024 оқу жылында Батыс аймағында алғашқы әскери бейіндік бағытта ашылған мектеп. Жаратылыстану, математика бағыттындағы пәндерді тереңдетіп оқытады. 

- Мектепте оқитын оқушылар әскери-бейіндік бағытта  оқу-тәрбиесін алып, болашақта әскери мамандығын таңдауға мүмкіндігі бар. Қазір әскери мектепте тек Атырау облысының ғана емес, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облысының балалары да білім алып жатыр. Олар жатақханамен, киіммен, тегін тамақпен қамтылған, - дейді Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира ТҰҢҒАТАРОВА

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

8 мамыр, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.