Атырау, 19 мамыр 23:28
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Кентаулық оқушы қыз құлсарылықтарға жинаған ақшасын сыйға тартты

590 просмотра

Қымбат сыйлықты жұмсамай, Құлсарыдағы мұражайда сақтап қоятын болды.

4-сынып оқушысы Гауһар ШӘЙМЕРДЕН жаңа телефон алу үшін ақша жинап жүрген екен. Алайда Атырау облысы тұрғындарының қиналғанын көргенде жоспары өзгерген.

Ол "Біз біргеміз!" жалпыұлттық телемарафонына қатысып, елдегі қысылтаяң кезеңде халыққа көмек қолын созбақ болды.

 – Құлсарыны көріп, қатты уайымдадым. Сосын анама "Құлсарыға берейінші" деп айттым, сөйтіп анам "Жарайды" деп, апарып бердік", – деді ол. 

Гуманитарлық көмек тиелген КАМАЗ көліктері басқа да заттармен бірге Гаухардың сәлемдемесін Құлсарыға жеткізді. Құлсарылықтар кішкентай қыздың сыйлығы ризашылықпен қабылдап, бірақ ақшаны жұмсамауды ұйғарды. Енді ол игі істердің символы ретінде мұражайда сақталады.

Айта кетейік, Гауhар "Біз біргеміз!" жалпыұлттық телемарафонының эфирінде өзі армандаған телефонды сыйлыққа алды.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет Жылыой ауданы әкімдігінің парақшасынан

6 мамыр, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.